«Тобыл» – «Астана» матчының бастапқы құрамдары белгілі болды
19 қыркүйек күні Қостанайда Қазақстан Премьер-лигасының 20-турынан кейінге шегерілген матч өтеді.
Бұл ойында «Тобыл» мен «Астана» шеберлік байқасады. Командалар ойынға арналған бастапқы құрамдарын жариялады.
«Тобылдың» құрамы: Бусурманов, Цавнич, Папе-Альюн, Хвалько, Вукчевич, Жагоров, Эдедем, Брага, Тағыберген, Эль-Мессауди, Чесноков.
«Астананың» құрамы: Чондрич, Бартолец, Шомко, Марочкин, Калаица, Быстров, Башич, Эбонг, Томасов, Грипши, Джефри.
Екі команда да алдағы ойынды сәтсіз нәтижелерден кейін қарсы алады. «Тобыл» сырт алаңда турнир кестесінің аутсайдері «Атыраудан» (1:2) күтпеген жерден жеңіліп қалса, елордалықтар «Елимайға» қарсы матчта 2:0 есебімен алға шыққанымен, жеңісті уыстан шығарып алып, 3:3 есебімен тең түсті.
Ойынның басталуы – астана уақытымен 19:00-де. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасынан көруге болады.