locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян: Бұл жеңіске біз лайық болдық

Астаналық клубтың жаттықтырушысы «Тоболға» қарсы ауыр ойыннан кейінгі әсерімен бөлісті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян: «Бұл жеңіске біз лайық болдық»
ФОТО: ФК Астана

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян Премьер-лиганың 20-турынан кейінге қалдырылған, қостанайлық «Тоболға» қарсы өткен ойынды қорытындылады.

Бұл матч астаналықтардың 3:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

«Күткендегідей, ойын өте ауыр өтті. Екі команда да жоғары орындарға таласып жатыр. Біз алғашқы голды тым тез жіберіп алдық — қарапайым стандартты жағдайда кеткен қателік. Кейін қарсылас пенальтиден есепті еселеді, тайм ортасында 0:2 болып тұрды. Соған қарамастан, команда берілмеді, шабуылдарын жалғастырып, 45-минутта есепті теңестірді — 2:2», — деді Бабаян.

Бабаянның айтуынша, футболшылар көп мүмкіндіктер жасады, бірақ оларды ұзақ уақыт бойы голға айналдыра алмады: соққылар қақпа маңынан ауытқып жатты, ал ауыр алаң ойынға кедергі келтірді. Дегенмен, команданың мінезі шешуші рөл атқарды — соңғы минуттарда жеңіс голы соғылды.

Сонымен қатар бапкер Қостанайға арнайы келген жанкүйерлерге алғысын білдірді:

«Біз жанкүйерлеріміздің қолдауын бүкіл матч бойы сезіндік. Алыстан келген барша жанкүйерлерге шын жүректен алғыс айтамын», — деді ол.

Бұл жеңістің арқасында «Астана» турнир кестесінің бірінші орнына қайта көтерілді, алматылық «Қайрат» екінші орынға түсті. «Тобол» ауыр жеңіліске қарамастан, үшінші орнын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, кездесудің шешуші сәті Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Асхат Тағыбергеннің алаңнан қуылуы болды. Ол жерде жатқан «Астана» ойыншысы Иван Башичке қол жұмсағаны үшін тікелей қызыл карточка алды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie