locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

КПЛ-дің суперматчы «Тобыл» – «Астана» бес голмен, 90+ минуттағы жеңіс добы, қызыл карточка және пенальтимен аяқталды

38 жастағы Томасовтың дублі астаналық клубқа Қостанайда сырт алаңда жеңіс сыйлады
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
КПЛ-дің суперматчы «Тобыл» – «Астана» бес голмен, 90+ минуттағы жеңіс добы, қызыл карточка және пенальтимен аяқталды
ФОТО: ФК «Астана»

19 қыркүйекте Қостанайда Қазақстан Премьер-лигасының 20-турынан кейінге қалған матч өтті, онда «Тобыл» мен «Астана» күш сынасты. Бұл кездесу тек голдардың көптігімен ғана емес, басқа да жарқын оқиғаларымен есте қалды: матч 3:2 есебімен астаналық команданың пайдасына аяқталды.

Бұл ойын чемпиондық жарыстағы шешуші сәттердің бірі болды.

Есепті алаң иелері ашты. Ойынның бірінші минутында-ақ Ислам Чесноков астаналықтарды қапаландырып, жергілікті жанкүйерлерді қуантты. Алайда «Астана» ойыншылары көп ұзамай есепті теңестірді — тәжірибелі Марин Томасов өзінің сұрмергендік шеберлігін көрсетіп, гол соқты.

Ойын бірінен соң бірі шабуылмен өрбіді. Костанайлықтар шабуылдардың бірінде пенальтиге ие болды. 34-минутта Эль Мессауди пенальтиден Чондричті қапы қалдырды.

Осыдан кейін алаң иесі Асхат Тағыберген қарсыластың ойыншысына аяқпен басып, қызыл карточка алды. Осылайша, астаналықтарға қайта есепті теңестіруге мүмкіндік туды. Бұл мүмкіндікті олар бірінші таймға қосылған қосымша минутта пайдаланды. Джеффри Чинеду «раздевалкаға» гол салып, есепті теңестірді.

Екінші таймда қостанайлықтар аз құрамда болғанына қарамастан, 90-минутқа дейін төтеп берді. Бірақ 91-минутта тәжірибелі Томасов тағы да алға шығып, Шомконың қанаттан берген пасын нәтижелі аяқтады.

«Астана» қоржынына 50 ұпай салып, турнирлік кестеде көш бастады. Дегенмен, екінші орынға түскен «Қайраттың» еншісінде 49 ұпай және бір ойыны бар.

«Тобыл» 44 ұпаймен үшінші орында қалды. Оның екінші және төртінші орындармен айырмашылығы да симметриялы – «Ақтөбеден» +5, «Қайраттан» –5 ұпай.

КПЛ. 20-турдан кейінге қалған матч

«Тобыл» – «Астана» – 2:3

Голдар: Ислам Чесноков, 1 (1:0), Марин Томасов, 5 (1:1), Эль Мессауди, 34 (2:1), Джеффри Чинеду, 45+2 (2:2), Марин Томасов, 90+1 (2:3)

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie