locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

КПЛ-дегі суперматч: «Тобыл» мен «Астана» — бір таймда төрт гол, пенальти және қызыл карточка

Чемпионат көшбасшылары арасындағы ауыстырылған кездесудің бірінші таймы-ақ оқиғаға толы болды
Футбол
Қайсар Дәулетбай
Қайсар Дәулетбай
Редактор
КПЛ-дегі суперматч: «Тобыл» мен «Астана» — бір таймда төрт гол, пенальти және қызыл карточка
ФОТО: PFLK

19 қыркүйекте Қостанайда Қазақстан Премьер-лигасының 20-турынан ауыстырылған матч өтіп жатыр, алаңда «Тобыл» мен «Астана» тартысқа түсті. Алғашқы таймнан кейін есеп тең — 2:2. Бұл матч тек голдардың көптігімен ғана емес, басқа да оқиғалармен есте қалды.

Бұл ойын чемпиондық жарыстағы шешуші кездесулердің бірі болды.

Есепті алаң иелері ашты. Матчтың бірінші минутында-ақ Ислам Чесноков елордалықтарды қапы қалдырып, жанкүйерлерін қуантты. Дегенмен, астаналықтар тез ес жиып, тәжірибелі Марин Томасов мергендік шеберлігін танытып, есепті теңестірді.

Ойын шабуылға шабуылмен жалғасты. Бір сәтте қостанайлықтар пенальтиге қол жеткізді. 34-минутта Эль Мессауди пенальтиден Чондричті қапы қалдырды.

Бір таймда үш гол! Бірақ негізгі оқиғалар мұнымен бітпеді. Бірінші таймға қосылған қосымша минуттарда «Астана» екінші мәрте есепті теңестірді, бұл жолы Джеффри Чинеду ерекшеленді.

Сондай-ақ, бірінші таймда алаң иелерінің ойыншысы Асхат Тағыберген қарсыластың аяқ киіміне басқаннан кейін қызыл карточка алды.

Ойын 19:00-де (Астана уақытымен) басталды. Тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан көруге болады.

КПЛ. 20-турдан кейінге қалған матч

«Тобыл» – «Астана» – 2:3

Голдар: Ислам Чесноков, 1 (1:0), Марин Томасов, 5 (1:1), Эль Мессауди, 34 (2:1), Джеффри Чинеду, 45+2 (2:2).

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie