«Тобыл» – «Астана». 19 қыркүйек. Онлайн көру. Live көрсетілім
«Тобыл» - «Астана»: шешуші теке-тірес
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Тобыл ФК
19 қыркүйекте Қостанайда Қазақстан Премьер-Лигасының 20-турынан кейінге шегерілген ойын өтеді. Онда чемпиондыққа таласып жүрген екі алып-«Тобыл» мен «Астана» кездеседі. Бұл матч чемпиондық додаға айтарлықтай ықпал етуі мүмкін.
«Тобыл» соңғы турда күтпеген жерден сүрінді. Қостанайлықтар сырт алаңда аутсайдер саналатын «Атыраудан» 1:2 есебімен ұтылып, маңызды ұпай жоғалтты.
- Матчтың ең қызықты сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz арнасында қолжетімді!
Ал «Астана» өз алаңында «Елімайға» қарсы ойында 2:0 есебімен алға шыққанымен, артынша басымдығын ұстап тұра алмай, кездесуді 3:3 есебімен тең аяқтады.
Ойын 19:00-де (Астана уақытымен) басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан көруге болады.