locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челси» аңыз сұрмергені өмірден озды

Бобби Темблинг «зейнеткерлер» сапында 202 гол соқты
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

Кеше, 3 маусым күні, ағылшын футболының аңыз ойыншысы Бобби Темблинг өмірден озды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ол 84 жасында дүние салды. Бұл туралы Темблинг бұған дейін баптаған «Кроссхейвен» клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде хабарлады.

«Денсаулығы нашарласа да, ол әрдайым қосалқы құрамда болғысы келді – жаттықтыру, шабыттандыру және футболға деген шексіз құштарлығымен бөлісу оны алға жетеледі», – деп жазды клуб мәлімдемесінде.

Бұған дейін Боббиге деменция диагнозы қойылған болатын. Жалпы денсаулығының нашарлауы оның өмірден өтуіне себеп болды.

Темблингтің мансабы

Темблинг Лондондық «Челси» клубының үздік сұрмергендері тізімінде екінші орында тұр. Ол «аристократтар» сапында 1959 бен 1970 жылдар аралығында ойнады. Боббидің еншісінде 370 матч пен 202 гол бар. «Челсидің» үздік бомбардирлері рейтингінде Темблинг тек 2013 жылы оның рекордын жаңартқан Фрэнк Лэмпардқа ғана жол береді.

Сонымен қатар, Темблинг «Челси» құрамында бір ойында ең көп гол соққан ойыншы болып табылады. 1966 жылы ол «Астон Виллаға» қарсы матчта пента-трик (бес гол) авторы атанды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie