«София, біз осындамыз!» – «Қайрат» Чемпиондар лигасы матчына Болгарияға келді
Алматылық «Қайрат» Софияға ұшып келді. Мұнда олар 2026/27 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуін болгарлық «Левскиге» қарсы өткізеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Команданың Болгария астанасына келгені туралы клуб әлеуметтік желілерде жариялады.
«София, біз осындамыз!» – делінген «Қайраттың» жазбасында.
«Левскимен» алғашқы кездесу 4 тамызда «Георгий Аспарухов» стадионында өтеді. Бастау — Қазақстан уақытымен 22:30.
Жауапты матч 11 тамызда Түркістандағы «Түркістан Аренада» өтеді. Ойынның басталуы 20:00-ге жоспарланған.
«Қайрат» үшінші іріктеу кезеңіне Кипрдің «Омония» клубын жеңіп шыққаннан кейін жолдама алды. Екі ойын қорытындысы бойынша командалар өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті, ал пенальти сериясында алматылық ұжым мықты болып, 6:5 есебімен басым түсті.
Ал «Левски» румындық Крайова қаласының «Университатя» клубынан өтіп, өз алаңында 1:0 есебімен жеңіп, сырт алаңдағы ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.
«Қайрат» пен «Левски» арасындағы бұл қарсыластықтың жеңімпазы Чемпиондар лигасының іріктеуіндегі жорығын жалғастырады.