locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Оқжетпес» – «Алтай» матчы голға толы шоуға айналды

Бұл Қазақстан Премьер-лигасының 20-турындағы матч еді. Жеңісті алаң иелері тойлады
фото: ФК "Окжетпес"
Қазақстан Премьер-Лигасы
02.08.2026, Аяқт.
Окжетпес
4
Алтай
1

Қазақстан Премьер-лигасының 20-турындағы Көкшетаудың «Оқжетпес» – «Алтай» матчы алаң иелерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші таймда қонақтар белсенді ойын көрсетті, алайда есепті ашқан алаң иелері болды. Компенсациялық уақытта Владислав Васильев алыс қашықтықтан шірене соққы жасап, допты қақпаның крестовинасының астына дәл бағыттады – 1:0.

Екінші таймның басында Өскемендік команда алға ұмтылды, бірақ гол соғудың орнына өз қақпасына екінші допты жіберіп алды. Айып алаңына бағытталған навесті баспен Оралхан Өміртаев қақпаға тоғытты.

Кейін «Оқжетпес» басымдығын айқын есеге жеткізді. Владимир Воменко мен Денис Митрофанов та көзге түссе, Өміртаев дубль жасап үлгерді. Қорытынды есеп – 4:1.

Айта кетейік, кездесуді Астанадан келген Саят Қарабаев бастаған төрешілер бригадасы басқарды – бас қазы екі командаға да екі-екіден сары қағаз көрсетті.

Бұл жеңістен кейін «Оқжетпес» 33 ұпай жинап, турнирлік кестеде үшінші орынға көтерілді. Ал «Алтай» 16 ұпаймен соңғы орында қалып отыр.

Келесі турда «Алтай» 8 тамыз күні өз алаңында «Қызылжарды» қабылдайды. Ал «Оқжетпес» 9 тамызда сырт алаңда «Астанаға» қарсы ойнайды.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie