«Қайрат» — «Левски» және ЛЧ іріктеуінің үшінші кезеңіндегі өзге жұптар
Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінің матчтары аяқталып, келесі кезеңнен жарысқа қосылатын командалардың қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Чемпиондар жолында «Қайрат» Чемпиондар лигасындағы жорығын «Левскиге» қарсы матчтармен жалғастырады. Қазақстан құрамасы мен «Сабахтың» қақпашысы Стас Покатиловтың командасына сарапшылар қарсылас ретінде «Лехті» болжаған еді. Алайда Польша чемпионы алғашқы матчта 4:1 есебімен жеңіске жеткеніне қарамастан, өз алаңында «Орхусқа» пенальти сериясында есе жіберіп, жарыстан шығып қалды. Нәтижесінде дәл осы даниялық клуб «Сабахтың» қарсыласы атанды.
Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінің өзге жұптары төмендегідей.
Чемпиондар жолы:
- «Динамо» Загреб — «Кауно Жальгирис»
- «Мьельбю» — «Слован»
- «Левски» — «Қайрат»
- «Орхус» — «Сабах»
- «Арарат-Армения» — «Целе»
- «Хапоэль» Беэр-Шева — «Црвена Звезда»
Лигалар жолы:
- «Олимпиакос» — НЕК «Неймеген»
- «Юнион» — «Буде-Глимт»
- «Фенербахче» — «Штурм»
- «Спарта» — «Лион»
Осы кезеңнің матчтары 4/5 және 11 тамызда өтеді.
Чемпиондар жолында жеңілген командалар Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне түсіп, Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне жолдаманы алдын ала қамтамасыз етеді.
Ал лигалар жолында жеңілген командалар бірден Еуропа лигасының негізгі кезеңіне өтеді.
Еурокубоктар іріктеуінің соңғы кезеңіне жеребе тарту рәсімі 3 тамызда өтеді.
