УЕФА «Левски» — «Қайрат» матчының төрешісін атады
УЕФА-ның төрешілік комитеті Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі «Левски» мен «Қайрат» арасындағы алғашқы матчқа төрешіні анықтады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Басты төреші қызметін 38 жастағы литвалық Донатас Румшас атқарады. Ол қазақстандық футболға жақсы таныс — ұлттық құраманың үш ойынында жұмыс істеген (екі тең ойын: Бельгиямен 2025 жылдың қарашасында, Украинамен 2021 жылдың қыркүйегінде және Уэльспен 2025 жылдың наурызындағы жеңіліс).
Сондай-ақ, ол өткен маусымда «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы «Брюгге» (1:4) матчында және 2019 жылдың қарашасында Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Астана» «Манчестер Юнайтедті» 2:1 есебімен жеңген тарихи ойында төреші болды.
Оның көмекшілері Александр Радиуш пен Довидас Сужиделис болады. Төртінші төреші — Робертас Валкионис. VAR жүйесіне швейцариялық Федаи Сан мен литвалық Кестутис Бартушкевичюс жауапты.
Еске сала кетейік, «Левски» — «Қайрат» матчы 4 тамызда Астана уақытымен 22:30-да Болгария астанасы Софиядағы Георгий Аспарухов атындағы стадионда өтеді.
