locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Астана» «Ұлытауды» жеңді: Томасов орталық алаңнан гол соқты

Марин Томасовтың дублі командасын ҚПЛ-дың үздік үштігіне шығарды
фото: ФК "Астана"
Қазақстан Премьер-Лигасы
02.08.2026, Аяқт.
Улытау
0
Астана
2

Қазақстан Премьер-лигасының 20-турындағы «Ұлытау» – «Астана» матчы елордалық команданың жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Астана» алғашқы минуттардан-ақ басымдықты өз қолына алып, есепті Марин Томасовтың айып сызығы астына дәл бағыттаған соққысымен ашты. Елордалықтар ойын тізгінін толық ұстап, нәтижесінде 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Екінші допты да Томасов өз еншісіне жазды – бұл жолы ол допты орталық алаңнан қақпаға дәл түсірді.

Бұл жеңістен кейін «Астана» 35 ұпай жинап, турнир кестесінде қайтадан үшінші орынға көтерілді. Ал «Ұлытау» 27 ұпаймен турнирдің орта тұсында орналасқан.

Қазақстан Премьер-лигасының параллель өткен кездесуінде астаналық «Жеңіс» пен семейлік «Елімай» жеңімпазды анықтай алмады – ойын нөлдік тең нәтижемен аяқталды.

Тең ойыннан кейін «Елімай» 28 ұпайға жетсе, «Жеңістің» еншісінде 23 ұпай бар. Екі команда да турнир кестесінің орта бөлігінде.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie