Суперкомпьютер «Қайраттың» қай еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайтынын атады
«Омонияны» жеңгеннен кейін «Қайрат» еурокубоктардың негізгі кезеңіне жолдаманы кепілдеді, бірақ басты сұрақ: қай турнирдің негізгі кезеңі? Бұл сұрақтың жауабын суперкомпьютер біліп отыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Омониямен» болған ойындарға дейін сарапшылар алматылықтардың Конференциялар лигасының негізгі кезеңіне шығуын болжаған еді, алайда Football Rankings аккаунтының есептеулеріне сәйкес, енді олар Еуропа лигасына өтеді.
Ол үшін «Қайратқа» жалғыз қарсыласын жеңу жеткілікті. Алдағы екі кезеңде де жеңіске жетсе, команда қайтадан Чемпиондар лигасына оралады, ал егер екеуінде де жолы болмаса, Конференциялар лигасына түседі.
Болжам бойынша, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері соңғы, төртінші себетке түседі. Дегенмен, қазіргі еурокубок форматында командалар өз себетіндегі ұжымдармен де ойнайтын болғандықтан, бұл бөлініс шартты ғана мәнге ие.
Еске салсақ, Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» болгарлық «Левскимен» кездеседі. Матчтар 4 және 11 тамызда өтеді.