«Ман Сити» «Реалға» қатаң ультиматум қойды: не болды?
«Реал Мадрид» Родри бойынша «Манчестер Ситидің» талабын бағаламады, нәтижесінде ағылшын клубынан қатаң ультиматум алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Dario Sport мәліметінше, «Сити» Родриді командада қалдыратынын ескертіп, «Корольдік клуб» 70 миллион еуро төлемесе, трансфер болмайтынын ашық айтты. Осылайша, келісімге үлкен қауіп төнді.
Ағылшын клубының ұстанымы ымырасыз: «Манчестер Сити» өз жартылай қорғаушысын келісімшарт мерзімі аяқталғанша қалдыруға дайын, тек нарықтағы бағасынан төмен сатпайды. «Этихадтағы» келіссөз үстелінде жеңілдік жасау жоспары жоқ.
Айта кету керек, ойыншы шешімін әлдеқашан қабылдаған — ол шілде айында-ақ мадридтік клубпен жеке келісімге келген және Испанияда мансабын жалғастырғысы келеді. Қазір шешілмей тұрған жалғыз мәселе — өтемақы сомасы.
Испания құрамасының жартылай қорғаушысының «қалалықтармен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал Transfermarkt 30 жастағы испандықты 55 миллион еуроға бағалайды — бұл «Ситидің» оның нарықтық құнынан әлдеқайда жоғары сома сұрап отырғанын білдіреді.
Бұған дейін біз «Манчестер Ситидің» жақын арада қорқынышты үкімге тап болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.