Словакия қорғаушысы Ұлттар лигасындағы матч қарсаңында Қазақстанға сын-қатер тастады
Испанияның «Мальоркасы» мен Словакия құрамасының қорғаушысы Мартин Вальент Қазақстан құрамасына қарсы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алдағы матчтарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
2022/2023 жылғы Ұлттар лигасы маусымындағы екі матчта да ойнаған 30 жастағы қорғаушы бұл кездесулердің Қазақстанның 1:0 және 2:1 есебіндегі жеңістерімен аяқталғанын және сол нәтижелер Словакияның В лигасына көтерілмеуіне айтарлықтай әсер еткенін жақсы біледі. Вальент ерекше ынталы және босаңсуға жол бермейді:
«Бізді физикалық тұрғыдан жақсы дайындалған әрі жігерлі командалар күтіп тұр. Біз психологиялық тұрғыдан дайын болуымыз керек. Топта жеңіске жету үшін өз мүмкіндіктерімізді көрсетуіміз қажет», — деді Вальент Словакия футбол федерациясына берген сұхбатында.
Еске салайық, Словакия мен Қазақстан құрамалары арасындағы алғашқы матч 29 қыркүйекте Словакияның Кошице қаласында өтеді, ал қарымта кездесуді командалар 16 қарашада Астанада өткізеді. Словакия мен Қазақстаннан бөлек, Ұлттар лигасының бір тобында Фарер аралдары мен Молдова құрамалары да бар.
Вальент ұлттық құрама сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетіп келеді, алайда бар болғаны 17 матч өткізді. Ол словактардың Еуро-2020 турниріне өтініміне енгенімен, алаңға шыққан жоқ.
