locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан Ұлттар лигасындағы барлық үй матчтарын бір стадионда өткізеді

Құраманың бапкерсіз әзірге қарсыластарын қабылдайтын орны — Астана
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстан Ұлттар лигасындағы барлық үй матчтарын бір стадионда өткізеді
ФОТО: КФФ

UEFA-ның ресми сайтында Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алты матчтың қайда өтетіні туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан үш үй кездесуінің бәрін ел астанасындағы «Астана-Аренада» өткізеді. Жергілікті жанкүйерлердің алдында алғашқы ойынды 2 қазанға дейін күтуге тура келеді — осы күні Молдоваға қарсы матч өтеді, ал араға төрт күн салып Фарер аралдарына қарсы ойын болады.

Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі соңғы үй ойыны, әрі жалпы топтағы соңғы кездесу — 16 қарашада Словакияға қарсы өтеді.

Өз кезегінде, үш қарсыластың екеуі Қазақстанды өз астаналарында қабылдайды: Фарер аралдары 26 қыркүйекте Торсхаунндағы «Торсволлур» стадионында, ал Молдова 13 қарашада Кишиневтегі «Зимбру» стадионында қарсы алады. Ал Словакия болса, Қазақстан құрамасын 29 қыркүйекте Кошицедегі стадионда қабылдайды.

Еске сала кетейік, әзірге Қазақстан футболшыларын кім басқаратыны белгісіз. Талғат Байсуфинов қызметінен кеткен болатын, оның өтініші қанағаттандырылды, ал оның ізбасарының есімі әзірге жарияланбады.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie