locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бернли» клубының иесі тағы бір бас бапкерді қызметінен босатты

Дастан Сатпаевтың қазіргі командасынан жұмыстан шығарылған алғашқы жаттықтырушы Никки Хайен болды
Футбол
ФОТО: Getty Images

Ағылшынның «Бернли» және испанның «Эспаньол» клубтарына иелік ететін Алан Пейс төрт күн ішінде екінші бас бапкерімен қоштасу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы Burnley Express басылымы жазды.

Сенбі, 24 қазанда, «Бернли» басшылығы Англия лигасы кубогі аясындағы матчта «Линкольн Ситиден» 1:4 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін Никки Хайенді қызметінен босатты. Бельгиялық маман команда тізгінін шілде айында ұстап, бұл қызметте 106 күн жұмыс істеді.

Чемпионаттағы 12 турдан кейін «Бернли» небәрі бір жеңіске жетіп, Чемпионшиптің аутсайдерлер үштігіне кірді.

Енді клубқа тиесілі ALK Capital бірден екі жаңа бапкер табуы керек. 27 қазан күні кешке «Эспаньолдың» бас бапкері Маноло Гонсалестің қызметінен кеткені белгілі болды.

Мұндай шешімге испан командасының Испания кубогінен шығып қалуы себеп болды. «Эспаньол» төртінші дивизионда өнер көрсететін «Сестаодан» қосымша уақытта 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.

Бұдан бөлек, каталониялық клуб Испания чемпионатында да сәтсіз өнер көрсетіп жүр. 10 матчтан кейін команда екі жеңіске жетіп, Ла Лигадан шығу аймағында орналасқан.

Хайеннің кетуі туралы қысқа мәлімдемемен шектелгеніне қарамастан, «Эспаньол» негізгі команданы үш маусымнан астам уақыт басқарған және онымен бірге 107 ресми матч өткізген Гонсалеспен қоштасуға қатысты кең көлемді үндеу жариялады.

Клуб маманның командаға испан футболының жоғарғы дивизионындағы екі толық маусым бойы элитадағы орнын сақтауға көмектескенін атап өтті. Сондай-ақ басшылық жаттықтырушыға кәсібилігі, жанқиярлығы және команданың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

«Эспаньол» Гонсалеске алдағы кәсіби қызметі мен жеке өміріне сәттілік тіледі.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie