locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Талғат Байсуфинов «Бернлидегі» Сәтпаевтың ойынына баға берді

Қазақстан құрамасының экс-бапкері Дастан өз деңгейін көрсетіп үлгергенін айтты
Футбол
ФОТО: instagram.com/d.satpayev

Қызылордалық «Қайсардың» бас бапкері Талғат Байсуфинов Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында «Бернли» шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың ойынына баға берді.

«Жас болғанына қарамастан, Дастан Сәтпаев өте кемел ойын көрсетіп жүр. Еуропалық мамандар оның бойынан үлкен әлеует көріп отыр, бұл — үлкен артықшылық.

Егер Дастанның арқасында басқа да футболшыларымыз еуропалық скауттардың назарына ілігіп, Еуропа командаларынан шақырту ала бастаса, бұл футболымыздың дамуына үлкен серпін береді. Дастанға сәттілік пен тек жеңіс тілеймін», - деді маман.

Еске салайық, «Бёрнли» басшылығы «Линкольн Ситиден» 1:4 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін бельгиялық маман Ники Хайенді қызметінен босатқан болатын. Оның жетекшілігімен команда 12 матчта небәрі бір рет жеңіске жетіп, Чемпионшипте 22-орынға түсіп қалды.

Сыбысқа қарағанда, Қазақстан құрамасының шабуылшысы ойнайтын команданың жаңа бас бапкері «Ливерпульдің» бұрынғы капитаны Стивен Джеррард болуы мүмкін. Ағылшын маманы өткен маусымда-ақ команда тізгінін ұстауы ықтимал еді, алайда тағайындау жүзеге аспады. Маман 2025 жылдан бері жұмыссыз.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie