locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаевтың «Бернли» сапындағы алғашқы толық таймнан кейінгі статистикасы белгілі болды

Соққыларын әлі де жақсарту керек, алайда вингер қорғаныста жақсы жұмыс істейді
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Сатпаевтың «Бернли» сапындағы алғашқы толық таймнан кейінгі статистикасы белгілі болды
ФОТО: instagram.com/burnleyofficial
Англия Лига Кубогы
26.08.2026, Аяқт.
Брэдфорд Сити
0
Бернли
0

Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сатпаев «Бернли» сапында алғаш рет толық тайм ойнады — ол Лига кубогының «Брэдфорд Ситиге» қарсы матчына қатысты. Гол соға алмады, алайда шабуылшының 45 минуттағы өзге де көрсеткіштері белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші таймда Сатпаев бір ғана соққымен көзге түсті — ол 14-минутта жасалды және дәлдігі сәл жетіспеді, доп қақпа маңдайшасының сәл үстінен өтті. Қазақстан құрамасы вингерінің өзге статистикалық көрсеткіштері төмендегідей:

допқа тиген: 35

пас/дәл: 20/17

дриблинг жасау әрекеті/сәтті: 2/1

диагональді пас/сәтті: 1/0

жекпе-жек/жеңген: 7/5

доп жоғалту: 7

0:0 есебімен аяқталған бірінші таймнан кейін Сатпаев статистикалық Sofascore порталынан 6.9 бағасын алды — бұл матчтағы алтыншы және «Бернли» құрамындағы төртінші көрсеткіш.

Еске салайық, Қазақстан құрамасының вингері «Челсиден» жалға ауысқаннан кейін «клареттердің» негізгі құрамына алғаш рет енді. Бұған дейін Сатпаев Чемпионшипте «Вест Бромға» қарсы матчта 33 минут ойын уақытын алған еді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie