locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дастан Сәтпаев «Бернлидегі» қабылдауы және Лига кубогындағы жеңіліс туралы айтып берді

Сәтпаев алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 80 минут ойнады және екінші таймның соңына қарай ауыстырылды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: Getty Images
Англия Лига Кубогы
26.08.2026, Аяқт.
Брэдфорд Сити
0
Бернли
0

«Бернли» клубының қазақстандық шабуылшысы Дастан Сәтпаев журналист Әлімжан Тасболатұлына берген сұхбатында ағылшын клубында өзін қалай қарсы алғанын айтып, командаға бейімделуі туралы әсерімен бөлісті және «Брэдфордтан» жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

- Дастан, командада сені қалай қарсы алғанын айтып бере аласың ба? Бүгінгі ойын саған қалай өтті?

- Негізі, командада жақсы қарсы алды, жігіттердің бәрі өте мейірімді. Не керек, не керек емес екенін сұрап тұрады. Әрдайым қолдау көрсетеді. Бәрі білетін Кайл Уокердің өзі де келіп, қолдау білдіреді. Бүгінгі ойынға келсек, меніңше, біз бәрін негізгі уақытта шешуіміз керек еді. Мүмкіндіктер өте көп болды, тек өзіміз оларды пайдалана алмадық. Пенальти сериясы - бұл лотерея. Сондықтан әрі қарай дайындала береміз. Келесі ойында жай ғана бірінші жеңісті алу керек. Одан кейін бәрі өздігінен жүріп кетеді.

- Матчтан кейін жаттықтырушы не айтты?

- Ол біз бұл команданы жеңуіміз керек еді деді, өйткені олар бәрібір төменгі лигада ойнайды. Бірақ болғаны болды. Әрі қарай жылжимыз.

- «Бернлиде» біреумен жақын дос болып үлгердің бе?

- Негізінен барлығымен араласамын, бір адамды ғана бөліп айта алмаймын.

Англия Лига кубогы матчында «Бернли» пенальти сериясында «Брэдфордтан» 2:4 есебімен жеңілді. Кездесудің негізгі уақыты голсыз - 0:0 есебімен аяқталды.

Сәтпаев «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шығып, 80 минут ойнады және екінші таймның соңына қарай ауыстырылды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie