Сатпаев «Бернли» – «Мидлсбро» матчында негізгі құрамда!
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Англия Чемпионшипінің 4-туры аясындағы «Мидлсброға» қарсы матчты алғашқы минуттан бастайды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы үшін бұл жаңа командасындағы төртінші матч болмақ. Ол маусым соңына дейін жалға алу шарттарымен «Бернли» сапында өнер көрсетеді. Бұған дейін Қазақстан құрамасының форварды «бордолылар» үшін Чемпионшипте екі матч және Англия лигасы кубогында бір ойын өткізді.
«Норвичке» қарсы өткен алдыңғы кездесуде Сатпаев алаңда 90 минуттың барлығын өткізіп, командадағы барлық ойыншылар арасында ең жоғары бағаға ие болды.
«Терф Мур» стадионындағы кездесудің алғашқы ысқырығы Қазақстан уақытымен 00:00-де естіледі. «Бернли» - «Мидлсбро» матчының тікелей трансляциясы осында.
Айта кетейік, Чемпионшиптің үш турында «Бернли» бір ғана ұпай жинап, турнир кестесінде 23-орында тұр. Ал бүгінгі қарсыласы алты ұпаймен алтыншы орында орналасқан.
Бұған дейін Сатпаевтың маусым басында маңызды көрсеткіш бойынша «Бернлидің» үздік ойыншысы атанғанын хабарлаған едік.