locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаев маңызды көрсеткіш бойынша «Бернлидің» үздік ойыншысы атанды

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Чемпионшиптегі жолын сәтті бастады
ФОТО: Getty Images

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев «Бернли» сапындағы жалға алу кезеңін сәтті бастап, өзінің статистикалық көрсеткіштерімен көзге түсіп жүр, деп хабарлайды Sports24.kz.

FotMob статистикалық порталының мәліметінше, жаңа маусымдағы алғашқы ойындардан кейін Қазақстан құрамасының шабуылшысы 90 минутқа шаққандағы күтілетін голдық пастар (xA/90) көрсеткіші бойынша «бордолылардың» барлық ойыншылары арасында көш бастап тұр.

Қазақстандық футболшының бір матчтағы күтілетін голдық пас көрсеткіші — 0,52. Одан кейін Маркус Эдвардс — 0,33 және Якоб Бруун Ларсен — 0,27.

Айта кетейік, 18 жастағы шабуылшы Чемпионшипте екі матч өткізіп үлгерді және біртіндеп «бордолылардың» негізгі құрамына орнығып келеді. «Норвичке» қарсы өткен алдыңғы ойында Сатпаев алаңда 90 минут бойы өнер көрсетіп, команда ойыншылары арасында ең жоғары бағаға ие болды.

2 қыркүйектен 3 қыркүйекке қараған түні Чемпионшип аясында «Бернли» өз алаңында «Мидлсброны» қабылдайды. Кездесу «Терф Мур» стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады. «Бернли» - «Мидлсбро» матчының тікелей трансляциясы осында.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie