«Линкольн» - «Бернли». Сатпаев ойнай ма? Онлайн көру. LIVE-трансляция
Сенбі, 24 қазанда, Англияның «Бернли» командасы Чемпионшиптің 12-туры аясында сырт алаңда «Линкольнмен» кездеседі. Ойын Sincil Bank Stadium стадионында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Линкольн» - «Бернли» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде мына сілтеме арқылы көруге болады.
Командалардың өзара кездесуіне дейін «Линкольннің» еншісінде 12 ұпай, ал «Бернлиде» сегіз ұпай бар. Алдыңғы турда «Линкольн» сырт алаңда «Миллуоллмен» 2:2 есебімен тең түсті. Ал «Бернли» өз алаңында «Вулверхэмптонға» 1:2 есебімен жол берді.
Командалар соңғы рет 2017 жылдың ақпанында Англия кубогының 1/8 финалында кездесті. Сол кезде «Линкольн» 1:0 есебімен жеңіске жетті.
«Бернли» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев өнер көрсетеді. Оның ағылшын клубы үшін өткізген алты матчы бар, алайда әзірге нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ. Қазақстандық футболшы алдағы кездесуге қатысуы мүмкін.