locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сатпаев Англияда жалақысының барлығын пайдалана алмайды. Оның себебі неде?

Дастан 22 жасқа толғанға дейін бұл ақша оның иелігінде болмайды
ФОТО: x.com/JacobsBen

Дастан Сатпаевтың «Челсидегі» жалақысына қатысты ерекше жайт белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

18 жастағы қазақстандық шабуылшының лондондық клубпен келісімшартындағы ай сайынғы жалақысы шамамен 14 мың фунт стерлингті құрайды. Алайда мұнда бір қызықты жайт бар.

Британдық БАҚ-тың мәліметінше, Сатпаев ай сайын алатын жалақысының барлық сомасын өз бетінше пайдалана алмайды. Келісімшартқа сәйкес, 14 мың фунттың шамамен 12 мыңы футболшының ата-анасының атына ашылған арнайы есепшотқа аударылады.

Бұл ақша Сатпаев 22 жасқа толғанға дейін оның иелігінде болмайды. Осылайша, футболшы ай сайын еркін пайдалана алатын сома шамамен 2 мың фунтты құрайды.

Мұндай тәжірибе ағылшын клубтарында жас футболшылардың қаржылық мүдделерін қорғау және олардың табысын ұтымды басқару мақсатында қолданылатыны атап өтіледі.

Еске салайық, Сатпаев 18 жасында «Челсиге» қосылды. Дастан 2026-27 маусымының соңына дейін «Бернли» сапында жалға алу құқығымен өнер көрсетеді.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie