locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Тренер «Бернли» сынға алды, бірақ Сатпаевты ерекше атап өтті

18 жастағы шабуылшы сәтсіз өткен матчтағы алаңның үздігі болды
ФОТО: Getty Images
Чемпионшип Англия
29.08.2026, Аяқт.
Норвич Сити
4
Бернли
1

Англиялық «Бернлидің» бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің 3-туры аясында «Норвичтен» 1:4 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін Дастан Сатпаевты мақтады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жаттықтырушының айтуынша, Қазақстан құрамасының 18 жастағы шабуылшысы сәтсіз өткен матчта алаңдағы ең үздік ойыншы болды.

«18 жастағы Сатпаев алаңдағы ең үздік ойыншы болған кезде, қалған футболшылар өздеріне бірнеше сұрақ қоюы керек. Оның алаңға қандай энергия әкелгеніне, команда үшін қалай күрескеніне қараңыздар. Біздің команданың әр ойыншысы дәл осылай әрекет етуі керек.

Біз жақсара түсеміз. Бұл – ұзақ процесс, және біз өз мақсатымызға жетеміз. Дегенмен мен үшін бұл ауыр процесс. Жанкүйерлердің көңілі қалды, мен оларды толық түсінемін. Мен де маусымның басталуын мүлде басқаша елестеткен едім. Бірақ бәрін түзететінімізге кепілдік беремін», – деді жаттықтырушы матчтан кейін.

Еске салайық, кеше Чемпионшипте «Норвичке» қарсы өткен кездесуде Дастан Сатпаев «Бернли» сапында тұрақты чемпионаттағы алғашқы матчын негізгі құрамда бастады. Бұл оның жаңа командадағы үшінші ойыны болды.

Ойын команданың жеңілісімен аяқталып, есеп 1:4 болды. Бұл ретте қазақстандық шабуылшы алаңда толық 95 минут өткізіп, командадағы ең жоғары бағаға ие болды.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie