Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін мансабын аяқтайды
«Милан» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы Лука Модрич 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін кәсіби мансабын аяқтауы мүмкін. Итальяндық журналист Даниэле Лонго мен испандық As басылымының деректеріне сүйенсек, 40 жастағы хавбек «россонеримен» келісімшартты ұзартуды жоспарламайды және кәсіби жолын аяқтау туралы ойластырып жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.
XXI ғасырдың ең атақты жартылай қорғаушыларының бірі саналатын Лука Модрич мансабындағы соңғы ойындарын 2026 жылғы әлем чемпионатында өткізуі мүмкін. Журналист Даниэле Лонгоның мәліметінше, хорват футболшысы «Милан» басшылығымен келісімшартты ұзарту туралы келіссөздер жүргізбей-ақ қоймақ.
Модричтің қазіргі келісімшарты итальяндық клубпен 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Алайда, «россонеридің» жобасы тәжірибелі хавбекті соншалықты әсерлендірмегендіктен, ол Серия А-дағы мансабын жалғастыруды ойламайды.
As басылымының мәліметінше, жақын арада түбегейлі өзгерістер орын алмаса, әлем чемпионаты аяқталған соң Модрич кәсіби мансабын тәмамдайды.
Соңғы апталарда Модричке мансабын жалғастыру туралы бірнеше ұсыныс түскені хабарланды. Дегенмен, дереккөздің сөзінше, футболшы әзірге үлкен футболда тағы бір маусым өткізуге жеткілікті мотивация таппай отыр.
Дегенмен, хорваттың болашағы мадридтік «Реалмен» байланысты болуы мүмкін, бірақ футболшы ретінде емес.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Хорватия құрамасы L тобында ойнайды. Қарсыластары – Англия, Панама мен Гана.