locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Лацио» ойыншысы ҚПЛ-де мансабын жалғастыруы мүмкін

Қорғаушы Самуэль Жиго Қазақстанға келуі ықтимал
Футбол
Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
ФОТО: Getty Images

Франциялық қорғаушы Самуэль Жиго ҚПЛ-де мансабын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.

32 жастағы француз орталық қорғаушысының агенті Мохаммед Беншенафи футболшының Қазақстаннан түсетін ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.

«Біз осы трансферлік терезеде Ресейден түсетін ұсыныстарды қарауға дайынбыз. Қазақстан? Иә, ол жақтан да ұсыныстар болса, қарастырып, талқылауға әзірміз», — деді Мохаммед Беншенафи.

Самуэль Жиго кім?

2025 жылдың жазында «Лацио» Жигоның келісімшартын «Марсельден» сатып алған еді, алайда римдік клубта оның мансабы жүрмеді. Өткен маусымда тәжірибелі футболшы ауыр жарақатынан тек маусым соңында айығып, «құрқылтайлар» сапында бірде-бір ойынға қатыса алмады.

«Марсель» және «Лациодан» бөлек, қорғаушы Мәскеудің «Спартак», Бельгияның «Гент» пен «Кортрейк» клубтарында да өнер көрсеткен.

Айта кету керек, мансабының шарықтау шегінде француз футболшысының трансферлік құны 11 миллион еуроға дейін жеткен. Қазір Жиго 3 миллионға бағалануда.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie