locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» жаңа маусымдағы ойын күнтізбесі жарияланды: «регулярка» кіммен басталады?

Астаналықтар жаңа маусымды үш ойыннан тұратын өз алаңындағы сериямен бастайды
ФОТО: «Барыса»

Континенталдық хоккей лигасы 2026-27 жылғы тұрақты чемпионаттың жаңа маусымының толық кестесін жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Үйдегі сериядан бастаймыз

Қазақстан хоккейінің басты командасы маусымды өз алаңында өтетін үш ойыннан тұратын сериядан бастайды. Михаил Кравецтің шәкірттері осы аралықта «Сибирьмен» (7 қыркүйек), «Салават Юлаевпен» (9 қыркүйек) және «Амурмен» (12 қыркүйек) кездеседі.

Осыдан кейін астаналықтар төрт ойынды қамтитын сырт алаңдағы турнеге шығады. Маршрут: Тольятти – Магнитогорск – Ярославль – Мәскеу. Сырт алаңдағы серияда «Барыс» «Ладамен» (16 қыркүйек), «Металлургпен» (18 қыркүйек), «Локомотивпен» және Мәскеудің «Динамосымен» (22 қыркүйек) шеберлік байқасады.

«Барыс» үшін тұрақты чемпионаттың соңғы матчы 19 наурызда өтеді. Бұл күні елордалық команда сырт алаңда «Сочимен» кездеседі. 2026-27 жылғы КХЛ плей-оффы 23 наурыз бен 23 мамыр аралығында өтетін болады.

Елорда командасының ойындарының толық кестесімен сілтеме арқылы танысуға болады.

«Барыстың» өткен маусымы қалай өтті

Өткен чемпионатта Михаил Кравецтің командасы тағы да плей-оффқа өте алмады. «Барыс» тұрақты маусымды Шығыс конференциясында оныншы орынмен аяқтап, 68 ойында 54 ұпай жинады. 2025-26 жылғы чемпионатта астаналық клуб 154 шайба салып, 208 гол жіберіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін «Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы бойынша шешім қабылдаған болатын.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie