locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Серия А-дағы бапкерлер ауыс-түйісі жалғасуда: «Наполи» Конте мен қош айтысты

Неаполь ұжымы чемпион бапкермен қысқа мәлімдемемен қоштасты
Серия А-дағы бапкерлер ауыс-түйісі жалғасуда: «Наполи» Конте мен қош айтысты
ФОТО: Getty Images

«Наполи» бас бапкер Антонио Контенің командадан кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Өткен маусымда Италия чемпионы атағын қорғай алмаған Серия А-ның күміс жүлдегері чемпион бапкерімен қысқа ғана мәлімдеме арқылы қоштасты:

«Наполи» Конте мен оның штабымен келісімшарттарды мерзімінен бұрын бұзу туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды. Клуб бапкер мен оның штабына атқарған зор еңбегі үшін алғыс білдіреді. Оларға болашақта сәттілік тілейміз және мансаптарында табыстарға жете берулерін қалаймыз. Рақмет, бапкер», — делінген неаполитандықтардың мәлімдемесінде.

Конте екі маусым ішінде «Наполиге» төртінші чемпиондық атақты, сондай-ақ Италия Суперкубогын алып берді. Қазіргі таңда неаполитандық команданы кім тізгіндейтіні белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін кадрлық үлкен өзгерістер «Миланда» да орын алған еді — клуб тек бас бапкер Массимилиано Аллегриді ғана емес, басқару құрылымында да бірқатар өзгерістер жүргізді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie