locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» Чемпиондар лигасында АЕК-ті соңғы минуттағы голдың арқасында жеңді

Мадридтік клуб Афинада өткен кездесуде екі рет есепте қалып қойғанымен, ойын барысын өзгертіп, Чемпиондар лигасындағы қатарынан төртінші жеңісіне қол жеткізді
Футбол
ФОТО: Getty images
Чемпиондар Лигасы
04.11.2026, Аяқт.
АЕК Афины
2
Реал Мадрид
3

Мадридтік «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы жалпы кезеңнің төртінші турында Грекияның АЕК клубын жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

4 қарашада Афинадағы «АЕК Арена» стадионында өткен кездесу 3:2 есебімен испаниялық команданың пайдасына аяқталды. Тартысты матчтың тағдыры төреші қосқан қосымша минуттарда шешілді.

Ойынның алғашқы бөлігінде алаң иелері басымдық танытты. 12-минутта Лука Йовичтің пасын тиімді пайдаланған Абубакари Койта есеп ашты. Алайда мадридтіктер үзіліске дейін таразы басын теңестіріп үлгерді. 32-минутта Джуд Беллингем Марк Кукурельяның қапталдан асырған добын өкшесімен қақпаға бағыттап, есепті 1:1-ге жеткізді.

Екінші таймда АЕК қайтадан алға шықты. 75-минутта Ставрос Пилиос мергендік танытып, грек клубын жеңіске жақындатты.

Дегенмен «Реал» араға үш минут салып жауап қайтарды. 78-минутта Килиан Мбаппе есепті теңестіріп, командасының жеңіске деген үмітін сақтап қалды. Ал кездесудің шешуші сәті 90+2-минутта тіркелді. Федерико Вальверде қарсылас қақпасына үшінші голды соғып, мадридтіктерге үш ұпай алып берді.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Жалпы кезең. 4-тур
АЕК (Афина) – «Реал Мадрид» – 2:3
Голдар
: Койта, 12; Пилиос, 75 – Беллингем, 32; Мбаппе, 78; Вальверде, 90+2.

Осылайша, «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төртінші кездесуінде де жеңіске жетті. Бұған дейін испаниялық клуб «Интерді» (2:1), «Романы» (4:3) және «Лейпцигті» (4:1) ұтқан болатын.

Төрт турдың қорытындысы бойынша Жозе Моуринью шәкірттері 12 ұпай жинап, турнир кестесіндегі көшбасшылар қатарында қалды. Ал үш ұпайы бар АЕК жарыстың төменгі бөлігінде орналасқан.

Келесі турда «Реал» өз алаңында Нидерландтың ПСВ клубын қабылдайды. Ал АЕК Италияның «Комо» командасымен сырт алаңда кездеседі. Екі матч та Қазақстан уақытымен 25 қарашаға қараған түні өтеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie