locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барлық матчтарды көрдік» – «Сабах» бас бапкері «Викингпен» Чемпиондар лигасындағы матч алдында

Кездесу Норвегияда өтеді және Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады
Футбол
«Барлық матчтарды көрдік» – «Сабах» бас бапкері «Викингпен» Чемпиондар лигасындағы матч алдында
ФОТО: УЕФА

«Сабах» командасының бас бапкері Валдас Дамбраускас Чемпиондар лигасы аясында норвегиялық «Викингке» қарсы өтетін матчқа дайындық барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Маманның айтуынша, жаттықтырушылар штабы алдағы қарсыласының ойынын мұқият зерттеп, жеребе тартылғаннан кейін оның барлық матчтарын тамашалаған.

«Сабах» дайындыққа аса жауапкершілікпен қарап, норвегиялық клубтың өнеріне талдау жасауға ерекше көңіл бөлді.

«Меніңше, біз кез келген басқа матчқа дайындалғандай дайындалдық, яғни қарсыластың ойындарын зерттедік. Менің білуімше, жеребе қорытындысы бойынша бізге “Викинг” түскеннен бері оның ұлттық чемпионаттағы және Чемпиондар лигасындағы барлық матчтарын көрдік», – деп Дамбраускастың сөзін УЕФА сайты келтірді.

Еске салайық, үш турдан кейін «Сабахтың» еншісінде үш ұпай бар. Әзербайжандық команда чехиялық «Славияны» (2:0) жеңгенімен, кейін ағылшындық «Манчестер Юнайтедтен» (0:4) және немістің «Боруссиясынан» (1:2) жеңіліп қалды.

«Викингтің» еншісінде бір ұпай бар. Норвегиялықтар немістің «Бавариясымен» (3:3) тең ойнап, сондай-ақ «Штутгарттан» (1:2) және ағылшындық «Астон Вилладан» (1:3) жеңілді.

Алдағы кездесу бұл клубтар арасындағы тарихтағы алғашқы қарсыласу болмақ.

Стас Покатилов «Сабахтың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі бұған дейінгі үш матчының барлығында алаңға шықты. Қазақстандық қақпашы алты гол өткізіп, бір рет қақпасын голдан аман сақтады.

«Викинг» – «Сабах»: Покатилов қатысатын Чемпиондар лигасы матчын қайдан көруге болады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie