«Реалдың» жаңа гауһары! Ян Диоманде өз есімін клуб тарихына жазып жатыр
«Реал Мадрид» Ла Лиганың 11-туры аясындағы матчта «Расинг Сантандерді» 3:0 есебімен ойсырата жеңді, ал Ян Диоманде алаңдағы үздік ойыншылардың біріне айналды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Жас ивуарлық талант 36-минутта «Мадридтің» керемет шабуылын әсерлі соққымен аяқтап, гол соқты.
19 жастағы футболшы үшін бұл — «Реал» сапындағы Ла Лигадағы үшінші гол. Статистика сарапшысы MisterChip-тің дерегінше, Диоманде XXI ғасырда 20 жасқа дейін Испания чемпионатында «бланкостың» ең нәтижелі ойыншыларының қатарына кірді.
Арда Гюлер мансабының осы кезеңінде көбірек гол соққан — жеті. Винисиус Жуниор мен Гонсало Игуаинның еншісінде төрт голдан бар. Үш гол соққан Диоманде дәл соғылған доптар саны бойынша Серхио Рамоспен теңесті, ал екі голы бар Родригодан озып кетті.
Ивуарлық ойыншының қазіргі формасы ерекше әсер қалдырады: ол «Реал Мадрид» сапындағы соңғы алты матчта төрт гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Диоманде «Вильярреал» мен «Севильяның» қақпасына, сондай-ақ «Лейпцигке» қарсы матчта гол соқты және «Расингпен» кездесуде де мергендігімен көзге түсті.