Әлем спортының аңызы «Реалдан» күтпеген ұсыныс алды
Испанияның аты аңызға айналған теннисшісі Рафаэль Надаль мадридтік «Реалда» басшылық қызмет атқаруы мүмкін, деп хабарлайды Sports24.kz.
Испаниялық алпауыттың баспасөз қызметі клубтың директорлар кеңесі 40 жастағы спортшының кандидатурасын мүшелер-делегаттардың жалпы жиналысында бекітуге ұсыну туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Оң шешім қабылданған жағдайда Надаль ресми түрде «ақ түстілердің» басшылығына қосылады.
Шақыруды «Реал» президенті Флорентино Перес ұсынған. Бұрынғы теннисші ұсынысқа оң жауап беріп, жаңа рөлде өзін сынап көруге дайын екенін білдірді.
«Мен бұл шақыруды зор ынтамен, үйренуге деген ниетпен және барынша үлкен үлес қосуға деген ұмтылыспен қабыл алдым», — деді Надаль.
Мадридтік клуб испаниялық спортшыны қазіргі заманның ең ұлы спортшыларының бірі деп санайтынын атап өтті. Оның кәсіби жетістіктері мен адами қасиеттері «Реалдың» құндылықтарына толық сәйкес келеді.
Айта кетерлігі, Надаль көптен бері мадридтік команданың жанкүйері әрі клубтың құрметті мүшесі болып саналады. Бұған дейін оның есімі Флорентино Перестің президенттік қызметтегі ықтимал мұрагерлерінің қатарында бірнеше рет аталған.
Еске салайық, Рафаэль Надаль кәсіби мансабын 2024 жылдың қарашасында аяқтады. Испаниялық теннисші спорттағы жолында «Үлкен дулыға» турнирлерінде 22 титул жеңіп, екі рет Олимпиада чемпионы атанды және ATP додаларында жекелей сында 92 турнирде топ жарды.