locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

АЕК – «Реал» Чемпиондар лигасының матчын онлайн көру. LIVE-трансляция

Жалпы кезеңнің төртінші турындағы кездесу Грекияда өтеді
Футбол
АЕК – «Реал» Чемпиондар лигасының матчын онлайн көру. LIVE-трансляция
ФОТО: Getty Images

4 қарашада мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі төртінші туры аясында сырт алаңда грекиялық АЕК командасымен кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойын Афины қаласындағы «OPAP Арена» стадионында өтеді. Кездесудің басталуы Қазақстан уақытымен 22:45-ке жоспарланған.

АЕК – «Реал» матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Төртінші тур алдында «Реал» тоғыз ұпай жинап, үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетті. Мадридтік клуб «Интерді» (2:1), «Романы» (4:1) және «РБ Лейпцигті» (4:1) ұтты.

Ал АЕК үш ұпаймен турнир кестесінде төмен орналасқан. Грекиялық команда турнирдегі алғашқы кездесуінде ЛАСК клубын (1:0) жеңгенімен, кейін «Шахтерге» (1:3) және «Манчестер Ситиге» (1:5) есе жіберді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie