locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Реал» Римде камбэк жасап, голдар додасын ұйымдастырды: видео

Шешуші сәт қосымша уақытта орын алды
ФОТО: Getty Images
Чемпиондар Лигасы
14.10.2026, Аяқт.
Рома
3
Реал Мадрид
4

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур матчында «Романы» жеңіп, ерік-жігер таныта білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Гасперини шәкірттері 3:1 есебімен алда келе жатқан, алайда ойын соңында үш гол жіберіп, 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

Римдегі кездесу алаң иелерінің белсенді шабуылдарымен басталды. 20-минутта Мартен де Рон «Романы» алға шығарды, алайда араға бес минут салып Килиан Мбаппе есепті теңестірді. Бірінші тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Үзілістен кейін Дониэлл Мален алты минуттың ішінде — 51 және 57-минуттарда — дубль жасап, римдіктердің басымдығын екі голға жеткізді.

Алайда «Реал» берілген жоқ. 82-минутта Карлос Эспи айырманы қысқартса, араға үш минут салып Эндрик бұрыштамадан кейін баспен соғып, есепті теңестірді. Бұл шабуылды Арда Гюлер ұйымдастырды.

Шешуші сәт қосымша уақытта орын алды. 90+1-минутта Антонио Рюдигер Гюлердің кезекті бұрыштамадан берген добын қақпаға бағыттап, мадридтіктерге жеңіс сыйлады — 4:3.

Осылайша, «Рома» екі голдық басымдығын уысынан шығарып алды: команда тоғыз минут ішінде үш гол жіберді. «Реал» Чемпиондар лигасында матч барысын өзгерте алатын команда екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie