Оңтүстік Корея – Чехия. Онлайн көру
12 маусым күні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары арасында А тобының матчы өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екі команда да плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін күресті бастайды. Бұл топта сондай-ақ Мексика мен ОАР құрамалары өнер көрсетеді. Бұған дейін турнир қожайыны Мексика ОАР-ды 2:0 есебімен жеңіп, топ көшбасына айналған еді.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Оңтүстік Корея мен Чехия бұған дейін ресми турнирлерде кездескен емес. Құрамалар арасындағы жалғыз матч 2016 жылы жолдастық кездесу ретінде өтіп, онда кореялықтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен.
Кездесу Мексикадағы «Акрон» стадионында өтеді. Ойынның басталуы Астана уақытымен 07:00-ге жоспарланған. Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы көрсетеді.