Сабыржан Аққалықов қарсыласын Дүниежүзілік кубокта күйрете жеңді
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықов 1/16 финалда жарыс иесі Хиаобао Ванмен кездесіп, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады, деп хабарлайды Sports24.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде оның қарсыласы жергілікті боксшы Ким Гичэ болды. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, Аққалықовтың пайдасына төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен аяқталды.
Енді қазақстандық былғары қолғап шебері 17 маусым күні әлем чемпионы Жавохир Умматалиевпен (Өзбекстан) күш сынасады.
Аққалықов мансабында алғаш рет 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп отыр. Соңғы Азия чемпионатында ол 75 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан болатын.
Аққалықов — 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2026 жылғы Азия чемпионы және жастар арасындағы әлем чемпионы.
Бұған дейін Дүниежүзілік кубоктағы алғашқы жеңісіне Серік Теміржанов қол жеткізіп, 1/8 финалға жолдама алды. 1/16 финал сатысында 60 келіге дейінгі салмақта Теміржанов Германия өкілі Денис Брилемен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, World Boxing Дүниежүзілік кубогы 15-21 маусым аралығында Қытайдың Гуйян қаласында өтуде. Жарысқа әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысып жатыр.