Қазақстанда Гэтжидің Топуриямен айқастағы жеңісіне таң қалды
Қазақстандық ММА сарапшысы Дидар Мұхамедғалиев Sports24.kz-ке эксклюзивті сұхбатында UFC Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде өткен жеңіл салмақтағы чемпиондық айқаста Ілия Топурия мен Джастин Гэтжи арасындағы кездесудің нәтижесіне пікір білдірді.
АҚШ-тың аралас жекпе-жек шебері Джастин Гэтжи испаниялық Ілия Топурияны жеңіп, промоушеннің жеңіл салмақтағы чемпионы атанды.
Жекпе-жек төртінші раундтан кейін техникалық нокаутпен Гэтжидің пайдасына аяқталды. Осылайша, Гэтжи Топурияға кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісті сыйлады.
«Айқастың нәтижесі бірнеше себепке байланысты өте күтпеген болды. Біріншіден, Гэтжидің шыңы өтіп кеткен сияқты еді, оның реакциясы бұрынғыдай емес, соққылары қаттырақ, өзі де ауыр нокауттарда болған. Ал Топурия керісінше – бабында, жойқын соққысы бар, әрі жасы да жас. Сарапшылар да, жанкүйерлер де Гэтжидің жеңісіне сенген жоқ, тіпті оның екінші раундқа дейін жететініне күмән болған. Бірақ Гэтжидің бапкері Тревор Уитман – қазір шынымен үздік жаттықтырушы», – деді Дидар Мұхамедғалиев.
Оның айтуынша, жекпе-жекке өте жақсы геймплан жасалған.
«Жалған тейкдаундардан кейін басқа соққыларға көшу, мінсіз джеб, рингте суыққанды болу – осының бәрі нәтижесін беріп, Гэтжиге жеңіс әкелді», – деп түйіндеді сарапшы.
Сонымен қатар, турнир Алекс Перейра үшін де сәтсіз аяқталды. Бразилиялық спортшы Сирил Ганға уақытша UFC ауыр салмақ титулы үшін өткен айқаста екінші раундта техникалық нокаутпен есе жіберді.
UFC Freedom 250 турнирінің үздік сәттері осы жерде қолжетімді.