locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ӘЧ-2026-ның алғашқы матчында Мексика ОАР-ды жеңді

Мексика әлем чемпионатының алғашқы ойынында жеңіске жетті
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ӘЧ-2026-ның алғашқы матчында Мексика ОАР-ды жеңді
ФОТО: Getty images

Мексика құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын жеңіспен бастады. А тобының алғашқы турында алаң иелері Оңтүстік Африка Республикасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің тоғызыншы минутында Хулиан Киньонес есеп ашып, Мексиканы алға шығарды. Ал 67-минутта Рауль Хименес командасының басымдығын еселей түсті.

ОАР құрамасы матчты тоғыз ойыншымен аяқтады. Алдымен 50-минутта Ситхоул қызыл қағаз алса, 82-минутта Темба да алаңнан қуылды. Ал қосымша уақыттың екінші минутында Мексика капитаны Монтес те қызыл қағаз алып, матчты мерзімінен бұрын аяқтады.

Әлем чемпионаты-2026. А тобы
Мексика – ОАР – 2:0 (1:0)
Голдар: Киньонес, 9 (1:0), Хименес, 67 (2:0).
Алаңнан қуылды: Ситхоул, 50, Темба, 82 (екеуі де - ОАР), Монтес, 90+2 (Мексика).

Осы жеңістің арқасында Мексика алғашқы үш ұпайын еншілеп, А тобында көш бастады. Келесі матчта мексикалықтар Оңтүстік Корея құрамасымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie