locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Оңайлықпен берілмеген жеңіс: Оңтүстік Корея мен Чехия арасындағы матчтың нәтижесі

Командалар «Акрон» стадионында, Сапопан қаласында (Мексика) кездесті
Футбол
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының А тобындағы матчта Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Ойынның 59-минутында чех қорғаушысы Ладислав Крейчи есеп ашты.Оңтүстік кореялық жартылай қорғаушы Хван Ин Бём 67-минутта таразы басын теңестірді.

Араға 10 минут салып, Соучек айып добынан кейін корей қақпасына екінші голды соқты, алайда бұл гол офсайд үшін есепке алынбады.

Алайда, О Хён Кю 80-минутта азиялық команданы алға шығарды.

Осы кездесуден кейін Оңтүстік Корея үш ұпайға ие болып, турнир кестесінде Мексикадан кейін екінші орында тұр. Чехия әзірге ұпай жинай алмай, үшінші орынға жайғасты, ал төртінші орында — ОАР.

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie