Швеция Тунисті ойсырата жеңді
Швеция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sports24.kz.
А тобының алғашқы турында шведтер Тунисті 5:1 есебімен ойсырата жеңді.
Есепті жетінші минутта Айяри ашса, 30-минутта Исак айырмашылықты ұлғайтты. Үзілістен кейін Дьокереш мергендік танытты. Тунистің жалғыз голын 43-минутта Рекик соқты.
Екінші таймда Швеция басымдығын одан әрі арттырды. 84-минутта Сванберг көзге түссе, қосымша уақытта Айяри дубль авторы атанып, матчтың қорытынды есебін белгіледі - 5:1.
Әлем чемпионаты-2026. А тобы. 1-тур
Швеция - Тунис - 5:1
Голдар: Айяри 7, 90+6, Исак 30, Дьокереш 59, Сванберг 84 - Рекик 43.
Осылайша, бірінші турдан кейін Швеция үш ұпаймен А тобында көш бастады. Жапония мен Нидерланд құрамаларының еншісінде бір ұпайдан болса, Тунис әзірге ұпайсыз қалып отыр.