«Ордабасы» - «Тобыл». Онлайн көру
Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» арасындағы орталық матчпен аяқталады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шымкенттік клуб бұл ойынға өткен турда негізгі қарсыласы – «Қайраттан» сырт алаңда 1:2 есебімен жеңілгеннен кейін келіп отыр. Соған қарамастан Андрей Мартиннің командасы 43 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді. Оның үстіне «Ордабасының» қорында әлі бір кейінге шегерілген матч бар, сондықтан чемпиондыққа таластағы мүмкіндігін сақтап тұр.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
«Тобыл» болса өткен турда «Атырауды» 1:0 есебімен жеңіп, үш ұпай еншілеген еді. Бұдан бөлек, қостанайлық команда еурокубокта да сәтті өнер көрсетті. Литваның «Паневежис» клубын пенальтилер сериясында жеңіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Келесі кезеңде оларды Сербияның «Партизан» клубы күтіп тұр.
Қазіргі таңда «Тобыл» ҚПЛ турнирлік кестесінде 43 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.
Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы KFF League-тің YouTube арнасында көрсетіледі.