locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қауіпті қарсылас: «Тобылдың» Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды

Қостанайлықтар белградтық «Партизанмен» алғаш рет жолығады
Қауіпті қарсылас: «Тобылдың» Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды
ФОТО: Тобыл

«Тобылдың» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл кезеңде Мирослав Ромащенконың шәкірттері сербиялық футболдың екі алпауыттарының бірі — белградтық «Партизанмен» кездеседі. Сербиялық ұжым екі матчтың қорытындысы бойынша Люксембургтің «УНА Штрассенін» 5:0 есебімен тас-талқан етті.

Алғашқы матч 6 тамыз күні Белградтағы «Партизан» стадионында өтеді, ал қарымта ойын тура бір аптадан кейін Қостанайда ұйымдастырылады. Ойындардың басталу уақыты кейіннен УЕФА тарапынан нақтыланады.

Бұған дейін қазақстандық командалар сербиялық ұжыммен тек екі рет ғана кездескен — екі жағдайда да бұл «Астана» мен «Партизанның» 2019/2020 жылғы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі ойындары болатын. Екі ойында да «Партизан» жеңіске жетті (4:1 және 2:1).

Айта кетейік, үшінші іріктеу кезеңінде ел намысын «Тобылдан» бөлек, еврокубоктардың негізгі кезеңіне жолдама алған «Қайрат» та қорғайды. Алматылық клуб Чемпиондар лигасының осы кезеңінде болгариялық «Левскимен» кездеседі.

Жантөре Қайсаров
Жантөре Қайсаров
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie