Суперкомпьютер «Ордабасы» және «Тобылдың» 20-турдағы ойынына болжам жасады
1-2 тамыз күндері ҚПЛ-дың 20-турындағы қалған кездесулер өтеді. Олардың ішінде басты ойын – «Ордабасы» мен «Тобылдың» тартысы болмақ. Осы матчқа қандай болжам жасағанын суперкомпьютер анықтап үлгерді, деп хабарлайды Sports24.kz.
FMD болжамы бойынша, жеңіске жету мүмкіндігі ең жоғары команда – «Ордабасы». Үш ұпайдың Шымкентте қалу ықтималдығы – 54%. Тең ойынға 23% бөлінген, ал дәл сондай мүмкіндік Мирослав Ромащенко шәкірттерінің жеңісіне берілген. Олар бейсенбі күні Конференциялар лигасы матчында «Паневежиске» қарсы 120 минут бойы жанкешті күрес жүргізген еді.
Бұл ойын ерекше қызықты, себебі «Қайрат» 20-турдағы кездесуін 6 мамырда-ақ «Қайсарға» қарсы өткізіп, қызылордалықтарды 2:1 есебімен жеңген болатын. Сондықтан осы турда «Ордабасы» алматылықтармен ойын саны бойынша теңеседі.
Осыған байланысты Шымкенттегі кездесуді чемпиондық жарыс аясында алматылық жанкүйерлер де жіті бақылайды. Егер «Ордабасы» ұтылса, «Қайраттың» чемпион болу мүмкіндігі 80%-ға дейін артады. Ал алаң иелері жеңіске жетсе, олардың чемпиондық мүмкіндігі 36%-ға дейін өседі.
Тең нәтиже алматылықтарға тиімді: бұл жағдайда олардың чемпион болу ықтималдығы 74%-ға жетеді, ал «Ордабасының» мүмкіндігі 25%-ға дейін төмендейді.
Айта кетейік, «Ордабасы» жеңіске жетсе, «Қайраттан» бір ұпайға озып шығады, бірақ артық өткізілмеген матчы болмайды.