locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ФИФА-дағы жанжал: Инфантино 30 миллион долларлық жалақыны көздеді

Джанни Инфантино FIFA Forward Enterprise басшысы болуды және осындай қомақты жалақы алуды жоспарлаған
Фото: fifa.com

ФИФА президенті Джанни Инфантино өзінің президенттік өкілеттігі аяқталған соң FIFA Forward Enterprise компаниясының комиссары болуды жоспарлаған, деп хабарлайды Sports24.kz.

FIFA Forward Enterprise – бұл жаңа құрылым, оған бірнеше турнирлерді, соның ішінде Әлем чемпионатын өткізу құқығы беріліп, осы ұйымның үлесі сыртқы инвесторларға сатылмақ болған. Бұл лауазымдағы базалық жалақы жылына 30 миллион долларды құрамақ, бұл сомаға бонустар кірмейді.

Бұл туралы The Times бас баспасөз тілшісі Мартин Зиглер әлеуметтік желіде хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін УЕФА, АФК және КОНКАКАФ алдағы реформаларға бір ауыздан бойкот жариялаған болатын. Осы ұйымдарға мүше елдер жаңа өзгерістер қабылданған жағдайда турнирлерге қатысудан бас тартатынын мәлімдеді.

Бұған дейін The Times газеті ФИФА басшысы Джанни Инфантино әлем чемпионатының коммерциялық құқықтарының үлесін жеке инвесторларға сатуды жоспарлап отырғанын жазған еді, бұл схема оған ондаған миллион доллар пайда әкелуі мүмкін. Жоспар бойынша, жаңа компания ФИФА-ның басты турнирлері – ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты және клубтық әлем біріншілігін толық бақылауға алмақ. Ұйым АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп әкімшілігіне жақын тұлғалармен де кеңескені атап өтілген.

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie