«Ордабасының» бас бапкері Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін
«Ордабасының» бас бапкері Андрей Мартин Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін мамандардың бірі саналады, деп хабарлайды Sports24.kz AmanVIBE-ке сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер іздеуді жалғастырып жатыр. Шешім қабылдауға көп уақыт қалған жоқ, өйткені қыркүйек айының соңында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасының маңызды кездесулері күтіп тұр.
Айта кетейік, федерация жаңа бапкерді таңдауда оның жұмыс тәжірибі мен қол жеткізген жетістіктеріне ерекше мән беруде. Басшылық дәл осындай тәжірибесі бар мамандарға басымдық беріп отыр.
Сонымен қатар, ҚФФ уақытша бас бапкерді тағайындау нұсқасын да жоққа шығармайды. Егер шетелдік мамандармен келіссөздер созылып кетсе немесе нәтижесіз аяқталса, ұлттық құраманы жыл соңына дейін уақытша бапкер басқаруы мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне «Астананың» бас бапкері Григорий Бабаянның да кандидатурасы қарастырылып жатқаны хабарланған еді. Алайда ҚФФ әзірге бұл қызметке қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқ.
Еске салайық, Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов қызметінен кетті. Оның отставкасы 22 маусымда ресми түрде жарияланған болатын.