locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Еуропалық шабуылшы «Тобылдың» құрамын толықтырады

Шабуылшы клубтық мансабында 257 матч өткізіп, 64 гол соққан
фото: ФК «Торпедо-БелАЗ»

Беларусьтік шабуылшы Виталий Лисакович «Тобыл» ойыншысы атанады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұл туралы инсайдерлік телеграм-арна «Ухо» мәлімдеді.

Лисакович 6 шілдеде «Торпедо-БелАЗ» клубынан кетті. Ол бұл клуб сапында сегіз кездесуде үш гол мен төрт нәтижелі пас авторы атанды.

Клубтық мансабында форвард 257 матч өткізіп, 64 гол соқты және 35 нәтижелі пас берді. Беларусь ұлттық құрамасында оның еншісінде 28 ойын, жеті гол және төрт ассист бар.

Лисакович — Солигорскінің «Шахтер» клубының түлегі, мансабында «Торпедо-БелАЗ», хорватиялық «Рудес», Загреб «Динамо» жастар командасы, словениялық «Целе», сондай-ақ ресейлік «Локомотив», «Рубин» және «Балтика» сапында өнер көрсетті. Оның жетістіктер тізімінде 2021 жылғы Ресей кубогындағы «Локомотивпен» жеңіс, «Шахтермен» Беларусь чемпионы атану, «Целе» құрамында Словения чемпионы болу және «Рубин» мен «Балтикамен» бірге Ресей бірінші лигасының екі титулы бар.

Айта кетейік, «Тобылда» тағы бір беларусьтік жартылай қорғаушы Максим Мякиш ойнайды. Команда Конференциялар лигасының 3-іріктеу кезеңінде Сербияның «Партизан» клубына қарсы алаңға шығады

Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie