locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ақтөбенің» легионері «Қызылжардан» жеңілу себебін түсіндірді

Атанасов «Ақтөбенің» жеңілісінен кейін командаға үндеу жасады
«Ақтөбенің» легионері «Қызылжардан» жеңілу себебін түсіндірді
ФОТО: Ақтөбе ФК
Қазақстан Премьер-Лигасы
01.08.2026, Аяқт.
Кызылжар
3
Актобе
1

«Ақтөбе» жартылай қорғаушысы Яни Атанасов Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясында петропавлдық «Қызылжардан» 1:3 есебімен жеңілген матчқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Футболшы сылтау іздемей, команда өз деңгейінде өнер көрсете алмағанын мойындады. Оның айтуынша, ойыншылар алаңда «Ақтөбе» клубының намысы үшін жанын салып, мінез көрсетуі тиіс.

«1:3 есебімен жеңілгеннен кейін пікір айту оңай емес. Шынын айтсам, бүгін біз өз деңгейімізде ойнай алмадық. «Ақтөбенің» эмблемасы үшін барымызды салып, алаңда мінез бен сапалы ойын көрсетуіміз керек. Мұндай кездесулерде міндетті түрде жеңіске жетуге тиіспіз, өйткені біз – «Ақтөбе» секілді үлкен клубтың намысын қорғаймыз. Бірінші таймда ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Гол жіберіп алғаннан кейін де таразы басын теңестірдік. Бірақ үзілістен кейін не болғанын түсіндіру қиын. Енді мұның бәрін бапкерлермен бірге талдап, қорытынды шығаруымыз керек. Келесі матчта жақсы ойын көрсетіп, үш ұпай алып, жанкүйерлерімізді қуантамыз деп сенемін».

Петропавлда өткен кездесу «Қызылжардың» 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Бұл нәтиже Игорь Черевченко үшін «Ақтөбе» тізгініндегі алғашқы матчтағы жеңіліс болды.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie