«Ордабасы» командасының маңызды ойыншысымен келісімшартты ұзартқаны жарияланды
«Ордабасы» румын жартылай қорғаушысы Михай Капацинамен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, румын футболшысы қолданыстағы келісімшартын бір жылға ұзартты.
Капацина былтырғы жылдың жазында Шымкент ұжымының қатарына қосылып, уақыт өте келе негізгі құрам ойыншысы атанды. Осы аралықта румын жартылай қорғаушысы «Ордабасы» сапында 17 матчта екі голдың авторы атанды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Ордабасыда» ірі ребрендинг жұмыстары басталды. Шымкенттік клубтың президенті Дархан Қыдайбаев ресми атауды өзгерту жоспары барын мәлімдеген. Жоспарға сәйкес, бұдан былай «Ордабасы» орнына клуб тек «Орда» деп аталмақ. Сонымен қатар, жаңа атаумен бірге ойын формасы мен клубтың логотипі де жаңарады.