«Елімай» – «Ордабасы» . Онлайн көру
ҚПЛ көшбасшысы Семейде қонақта өнер көрсетеді
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Елімай ФК
Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында семейлік «Елімай» өз алаңында чемпионат көшбасшысы «Ордабасымен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Семей клубы өткен турда сырт алаңда «Қайсарды» 3:2 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай еншілеген болатын. Қазіргі таңда команда 20 ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орында тұр.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді.
Ал «Ордабасы» өткен турда өз алаңында «Қайратты» 2:1 есебімен жеңіп, ҚПЛ-да бірінші орынға көтерілді. Шымкенттік клубтың еншісінде 28 ұпай бар.
Турнирлік кестенің жоғарғы бөлігіндегі командалардың кездесуі Астана уақытымен 19:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан және KFF League YouTube-арнасынан көрсетіледі.