locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

84-минуттағы гол «Ұлытауға» «Жеңісті» жеңуге мүмкіндік берді

«Ұлытау» ҚПЛ матчында «Жеңісті» жеңді
84-минуттағы гол «Ұлытауға» «Жеңісті» жеңуге мүмкіндік берді
ФОТО: Жеңіс ФК

14 маусым күні Қазақстан Премьер-лигасының 13-туры аясында «Ұлытау» өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Жезқазғанда өткен кездесу алаң иелерінің 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.

Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. Үзілістен кейін алға қонақтар шықты. 54-минутта Адилионың соққысынан кейін доп қарсыласқа тиіп, «Ұлытаудың» қақпасына енді.

Алайда алаң иелері тез арада таразы басын теңестірді. 64-минутта бұрыштамадан кейін Георгий Бугулов гол соқты. Ал 84-минутта Бақдәулет Зулфикаров мергендік танытып, «Ұлытауға» жеңіс сыйлады.

Осы жеңістен кейін «Ұлытау» 22 ұпай жинап, турнирлік кестеде төртінші орынға көтерілді. Ал «Жеңіс» 16 ұпаймен сегізінші орында қалды.

Қазақстан Премьер-лигасы. 13-тур
«Ұлытау» - «Жеңіс» 2:1 (0:0)
Голдар:
0:1 - Адилио, 54, 1:1 - Бугулов, 64, 2:1 - Зулфикаров, 84

Келесі турда «Ұлытау» 20 маусым күні сырт алаңда «Қайсармен» кездессе, «Жеңіс» дәл сол күні «Ертісті» қабылдайды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie